Нұр-Сұлтанда автоХҚКО тағы сынып қалды

facebook.com
Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік қызметтерді ұсыну уақытша мүмкін емес болған.

Бүгін техникалық ақауларға байланысты Нұр-Сұлтан қаласындағы мамандандырылған ХҚКО-да құжаттарды қабылдау уақытша тоқтатылған болатын, деп хабарлайды ҚР ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитеті.

Жедел қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуінің нәтижесінде ақаулар жойылып, қазір құжаттарды қабылдау штаттық режимде жүргізіліп жатыр. Сіздерден келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Уақытша келеңсіздік кезінде мамандандырылған ХҚО қызметкерлері азаматтарға көмек көрсетіп, egov.kz портал арқылы қалай онлайн қызмет алу керектігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде бірнеше адам қызметті онлайн форматта алып та үлгерді, делінеді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды