Тоқаевқа 583 миллиард теңгені тиімдірек пайдалану туралы айтылды

Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын бағалаудың алдын-ала қорытындылары жөнінде баяндады.

Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Есеп комитетінің төрайымы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын бағалаудың алдын-ала қорытындылары жөнінде баяндады.

Наталья Годунова Президентке үш жылға бөлінген 583 миллиард теңге қаржыны тиімді пайдалану туралы Есеп комитетінің Үкіметке жасаған ұсынысы жөнінде айтты. Аталған қаражаттың 283 миллиард теңгесі 2020 жылы игеріледі.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Годуноваға бірқатар нақты тапсырма берді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды