Қасым-Жомарт Тоқаев миллиардер Джек Мамен кездесті

ҚазАқпарат/ Бауыржан Жуаспаев
Өз кезегінде Джек Ма ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтауы үшін ризашылығын білдірді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ханчжоуға сапары аясында Alibaba штаб-пәтерінің жаңа компусын аралап көріп, оның даму тарихымен, қызметімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы тілшісі.

Одан кейін Мемлекет басшысы Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Мамен кездесті. Екеуара сәлемдесуден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасы құрылуының 70 жылдық, Alibaba компаниясының 20 жылдық мерейтойлармен құттықтады.

Өз кезегінде Джек Ма ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтауы үшін ризашылығын білдірді.

"Қазақстанда 5 рет болдым. Қазақстанның мәдениеті мен халқын жақсы көремін. Ол жақта менің достарым көп. Бос уақытымды Сіздердің астаналарыңызда өткізген ұнайды", - деп атап өтті ол.

Alibaba Group - интернет-коммерция саласында жұмыс істейтін жаһандық компания. Штаб-пәтері Ханчжоу қаласында орналасқан. Қызметінің негізгі түрі - B2B сызбасы бойынша компаниялар арасындағы сауда операциялары және бөлшек онлайн-сауда. Alibaba.com интернет-сайты бар. 2019 жылдың басында компанияны капиталдандыру 18 пайызға артып, 421,9 млрд долларға дейін жетті. 2019 жылдың 10 қыркүйегінде 55 жасқа толған Джек Ма сол күні әлемдегі ең ірі компанияның басшысы қызметінен кетті.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасында 2 күндік мемлекеттік сапармен жүр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды