Алматыда 2021 жылды Мұғалім жылы деп жариялауды ұсынды

Алматы әкімдігі
Мұндай ұсыныс ҚР премьер-министрінің орынбасары Б.Сапарбаевтың мұғалімдермен кездесуінде айтылды.

Алматы педагогтері 2021 жылды мұғалім жылы деп жариялауды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бердібек Сапарбаев атап өткендей, бұл жақсы ұсыныс және ол қарастырылатын болады.

Мұғалімдердің қазіргі проблемалары туралы айта келе, Бердібек Сапарбаев бүгінгі білімнің ұлттық құндылықтарға негізделуі керек екенін баса айтты: "Бұл бағытта тек мұғалімдердің ғана жұмысы жеткіліксіз, оқушылардың отбасыларымен де тығыз байланыс қажет".

Ал педагогикалық факультетке түсуге ниет білдірген талапкерлерге қойылатын талаптар туралы сұраққа жауап берген Б.Сапарбаев: "Ең негізгі талапты талапкердің өзі өзіне қоюы керек. Ол мұғалім болып жұмыс істеуге, жаңа білім алып, жас ұрпақты тәрбиелеуге дайын ба? деген сұраққа өзі жауап беруі керек. Ал сіздер, мұғалімдер, оларды өз үлгі-өнегелеріңізбен осы мамандыққа ынталандыруларыңыз керек".

Жиында сонымен қатар, "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша жастарды қолдау мәселелері сөз болды. Ол мәселелер де негізінен адам факторымен байланыстырылды: "Кей жерде пәтер бөлінбейді, кей жерде сыйақылар берілмей қаладыі. Біз мұның бәрін қадағалайтын боламыз", - деп түйіндеді Б.Сапарбаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды