YouTube-тегі аудио үшін полиция бастығы жұмыстан шеттетілді

Today.kz
Ішкі қауіпсіздік департаментіне қызметтік тергеу жүргізу жүктелді.

Алматы облысында жергілікті полиция қызметінің бастығы Марат Құштыбаев қызметінен уақытша шеттетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Себеп - YouTube-те жарияланған және ҚР ІІМ-не жолданған аудиожазба.

- ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың 2019 жылғы 19 қыркүйектегі бұйрығымен Алматы облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы қызметінен уақытша шеттетілді, ішкі қауіпсіздік департаментіне тергеу жүргізу тапсырылды, деп хабарлады ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі.

YouTube-те жарияланған аудиожазбада Марат Құштыбаевтың фотосы қойылып, ер адам боқтық сөздер араластырып бағыныштылардың жұмысы туралы айтады.

Ол 1967 жылы туған. 2002 жылы ҚР ІІМ Академиясын бітірді. Ішкі істер органдарында 30 жылдай жұмыс істеген. Құштыбаев 2016 жылдан бері облыстың жергілікті полициясының бастығы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды