Түрі Путиннен аумайтын қырғыз жігіті табылды

Sputnik Қырғызстан
Бұл жігіттің арманы Ресей президентімен кездесу екен.

Джалал-Абад облысы, Созақ ауданы, Сафаровка ауылының тұрғындары Медетбек Абжапаровты атымен атамайды, Путин-аке дейді, деп жазады Sputnik Қырғызстан.

Медетбек Абжапаров тракторшы, жазда бәріне керек адам болып жүреді. Қыстағы тірлігі таксист. Бірақ оның Ресей президенті Владимир Путинге ұқсастығын бәрі байқайды.

2004 жылы мектеп бітірген соң, Абжапаров Красноярскіге жұмысқа кетті. Оның айтуынша, Путинге ұқсастығын ресейліктер де мойындапты.

– Маған қара жұмысты тастап, мемлекеттік қызметке бар, болмаса Ленин мен Сталиннің двойниктері сияқты Қызыл алаңда жүретін адамсың ғой, дейді. Жергілікті таксистер мені көргенде Путин келді деп, мені кезексіз жібереді, - дейді Абжапаров.

Медетбек Абжапаровты саясат қызықтырмайды, алайда өзінің Ресей басшысымен ұқсастығы жауапкершілікті сезінуге және кез-келген істі соңына дейін жеткізуге міндеттейді дейді. Оның бір арманы – Ресей президентімен кездесу екен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды