ҚР ІІМ есірткі жарнамасы мен саудасы туралы дерек қабылдайтын WhatsApp ашты

ҚР ІІМ
Қазақстандықтар WhatsApp-та 8 777 785 66 51 нөміріне есірткі қылмысына қатысты белгілі болған жайттарды, фото мен видеоларды жөнелте алады.

Енді кез-келген тұрғын есірткі қылмысының алдын алуға және онымен күресуге өз үлесін қоса алады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандықтар есірткі қылмысы, есірткінің заңсыз айналымы, есірткі жарнамалайтын граффити туралы WhatsApp-та 8 777 785 66 51 нөміріне хабарлай алады, қажет болса, фото мен видеоларды жібере алады. Түскен ақпарат бойынша есірткі қылмысымен күрес департаменті жедел шаралар қабылдайды.

Мысалы, граффити жазылған жердің фотосуретін (геоақпарат), белгілі бір мақсатсыз аулаларда жүрген күдікті адамдардың бейнелерін, оңай ақша табуды ұсынатын күмәнді хат-хабарлардың скриншоттарын және т.б. жібере алады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды