Үндістанда өнер көрсетіп жатқан спортшы қыздарымыз желіде "жұлдыз" болды

видеодан алынды
Ертең қазақстандық команда Иранның қыздарымен бақ сынасады.

Әлеуметтік желіде қазақстандық спортшы қыздардың спорттық шарада әнұран орындалып жатып, үзіліп кеткенде оны іліп әкетіп, жанды дауыста шырқай жөнелген видеосы көптеп тарауда. Бұл - Үндістанның Бенгалуру қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы су спорты жарысы, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ге сілтеме жасап.

Үндістанның Бенгалуру қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы су спорты сайысында орындалып жатқан әнұран басталған бетте үзіліп қалады. Бірақ біздің спортшылар тосылмай, оны іліп әкетіп өз дауыстарымен орындап шыққан. Қыздарымыздың бұл әрекеті әлеуметтік желі қолданушыларын, сол секілді шетелдік жанкүйерлерді де тәнті етті.

Ойын алдында осылайша әнұран орындалған қазақстандық команда сол кезде бақ сынасқан қытайлық қыздарды 11: 10 есебімен ұтып, басты сыннан сүрінбей өтті.

Ертең қазақстандық команда Иранның қыздарымен бақ сынасады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды