Бұқтырма су қоймасынан паразиттер табылды

видеодан кадр
Судағы ішек таяқшасының лактозасы нормадан 70 мың есе асып кеткен.

Сүңгуірлер "Бұқтырма" су қоймасының түбінен су ағатын құбыр мен шамамен бір тонна болатын нәжіс тұнбасын тапты, деп хабарлайды Zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстандық тәуелсіз сарапшылардың жасаған бұл сынамасы тұрғындардың жағасын ұстатты. Судағы ішек таяқшасының лактозасы нормадан 70 мың есе асып кеткен.

Тамыз айында ауыл тұрғындары, "Голубой Залив" демалыс орнына тиесілі кәріз құбырынан шыққан нәжіс "Бұқтырма" су қоймасына ағып жатқаны видеоға түсіріп жариялаған болатын. Келген экология департаментінің мамандары апатты құбырды таба алмаған. Бәрі қалыпты деді. Оған күмәнмен қараған тұрғындар тәуелсіз сарапшыларды шақырған. Олар жағалаудан 80 метр қашықтықтан ластану көзін тапты.

Сергей Акентьев, Жаңа Бұқтырма ауылының тұрғыны:

- Сүңгуірлер су түбінен сынамалар алды. Міне, осы сынаманың нәтижесі 70 мың бірліктен асып түсті, қалыпты жағдай 5 мың бірлік болуы керек. Яғни нәжіс, құрт, паразиттер мен бұл бактериялар да бар.

Мұндай қорытындылардан кейін сараптаманың дұрыстығын енді облыстық прокуратура тексереді. Сондай-ақ, "Голубой Залив" демалыс орнында кәріз жүйесі жұмыс істеп тұр ма , жоқ па оны да анықтауы тиіс.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды