Алматыда митингке шыққандарға шабуылдамақ болғандар ұсталды

Facebook/madina.mussina
Олар Әуезов аудандық полиция бөліміне жеткізілді, онда заң бұзушылыққа жол бермеу туралы алдын-алу және заңдық түсіндіру бойынша әңгіме жүргізілді.

Өткен сенбіде, яғни 28 қыркүйекте Алматыда әйелдер құқығын қорғау бойынша митинг өтіп, оған қатысушыларға шабуыл жасамақшы болған төрт қаскөйді полиция ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күндіз "Сарыарқа" кинотеатрының алдындағы саябақта өткен әйелдер құқығын қорғау бойынша өткен рұқсат етілген митингте қоғамдық тәртіпті қадағалаушы полиция қызметкерлері наразылық білдірушілерге қарсы заңсыз әрекеттер жасамақ болған төрт адамды ұстады, олардың біреуінен көзді ашытатын шағын газ баллоны табылды.

"Олар Әуезов аудандық полиция бөліміне жеткізілді, онда заң бұзушылыққа жол бермеу туралы алдын-алу және заңдық түсіндіру бойынша әңгіме жүргізілді", - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды