Шымкентте мектеп директоры ұсталып, Ақтөбеде шенеунік пара үшін сотталды

newtimes.kz
Шымкент қаласы Білім басқармасы №49 орта мектептің бұрынғы директорына алаяқтық жасады деген айып тағылды.

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі алаяқтық жасады деген күдікпен қалалық білім басқармасы №49 орта мектебінің бұрынғы директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол қала азаматынан математика мұғалімі ретінде мектепке жұмысқа орналасуына көмектесемін дегенді желеу етіп, алдау жолымен 500 мың теңге сомасында ақша алды деп күдіктеледі, ал ол іс жүзінде сол кезеңде мектеп директоры болып табылмаған және осы мәселені шешуге уәкілеттілігі де болмаған.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Ал Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінген "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ "№2 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ директоры К.В.Панға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол Ақтөбе қаласы "Астана" ауданы прокуратурасы бөлімінің аға прокурорына КММ тексеру барысында анықталған заң бұзушылықтарды көрсетпегені үшін 1,5 млн. теңге сомасында пара берді деген күдікке ілінген болатын.

Ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен К.В.Пан пара бергені үшін сотталды және мемлекеттік қызметте лауазымдық қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, оған 22,5 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды