Тоқаев Асқар Мамин мен Дариға Назарбаеваны қабылдады

Ақорда
Тоқаевқа әлеуметтік-экономикалық даму, шетелдік инвестицияларды тарту, өңірлерді дамыту шаралары туралы баяндады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Мамин мен Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваны қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Премьер-Министр Асқар Мамин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелері, шетелдік инвестицияларды тарту барысы, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын іске асыру, өңірлерді дамыту жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Сондай-ақ Асқар Мамин Президентке 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау жобасы жайында да ақпарат берді. Мемлекет басшысы Премьер-Министрге қазан айының ортасында өтетін экономикалық даму мәселелеріне арналған Үкіметтің кеңейтілген отырысына дайындық жұмыстарын бастауды тапсырды.

Сенат Төрағасы Президентке Парламенттің жоғары палатасы жұмысының жай-жапсары мен заң шығару қызметінің жоспары туралы айтты. Президент Жолдаудың негізгі бағыттарын сапалы заңнамамен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды