Мекенжай анықтамасын беру 1 қарашадан бастап тоқтатылады

otyrar.kz
Яғни, 1 қарашадан бастап азаматтар мекенжайының қайда екенін egov.kz порталынан біле алады, ал қағаз түріндегісі енді азаматтардан сұралмайды.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация басқармасының төрағасы Әсемгүл Балташева елімізде мекенжай анықтамасы нақты қашан жойылатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордада "Цифрлық күз" шарасында Әсемгүл Балташева Қазақстанда қазіргі таңда аптасына 6 күн қызмет ететін 348 халыққа қызмет көрсету орталығы барын атап өтті. Орталықтағы мамандардан ең көп сұралатын қызмет - мекенжай анықтамасы екені хабарланып отыр.

"1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасын алып тастаймыз. Біздің еліміздің азаматтары осыған дейін 10 млн рет осы анықтаманы алу үшін ХКО-ларға келген. Қазіргі уақытта аталмыш анықтаманы алудың қажеті жоқ. Себебі, біздің техникалық қызметкерлер өте ауқымды жұмысты атқарып, барлық жүйені үйлестірді", - деді Әсемгүл Балташева.

Яғни, 1 қарашадан бастап азаматтар мекенжайының қайда екенін egov.kz порталынан біле алады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды