Жамбыл облысының полициясы бұқаралық ақпарат құралдарында Шу тұрғынының өзіне қарсы ерсі әрекет жасалғаны туралы мәлімдемесіне қатысты түсініктеме таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
- БАҚ-та Жамбыл облысы Шу қаласының 19 жастағы тұрғынының нағашы атасының еркі әрекет жасағаны туралы мәлімдемесі жарияланды. Алайда, бұл факті Жамбыл облыстық полиция департаментінде тіркелмеген, не жазбаша, не ауызша да арыз түскен жоқ, - деп хабарлады облыстың ПД баспасөз қызметі.
Осыған байланысты полиция қыздан Жамбыл облысының ПД-не хабарласуын немесе 8 (7262) 43-05-22, 43-14-03 сенім телефондарына қоңырау шалуын сұрайды.