ҚР ІІМ: Күдебаев жұмыста, аттестацияға дайындалып жатыр

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Сонымен бірге, ол Кудебаевтың отбасындағы қайғылы жағдайға байланысты демалыс алмағанын қадап айтты.

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди ҚР Парламенті Сенатынан шыққан соң дәлізде журналистерге сұқбат беріп, Алматы полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаевтың бүгіндері жұмыс орнында екенін, оның аттестацияға дайындалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Әрине, ол жұмыста жүр. Оны қызметінен босату туралы ешқандай бұйрық, тағы басқа шара болған жоқ. Ол аттестацияға дайындалып жатыр, меніңше, егер оның қызметіне қатысты бір сұрақтар туып жатса, оны өзінің алдына тартамыз деп ойлаймын. Келесі аптадан бастап аттестация басталады, - деді Калайчиди.

Сонымен бірге, ол Кудебаевтың отбасындағы қайғылы жағдайға байланысты демалыс алмағанын қадап айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды