Бүгін Тоқаев ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады

sputnik.kz
Алқалы жиын Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында өтеді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін ТМД мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады, деп хабарлайды Хабар 24.

Алқалы жиын Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында өтеді. Ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары алдымен шағын құрамда кездесу өткізеді. Кейін кеңейтілген отырыста күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді талқылайды.

Жиында арнайы декларация қабылданады деген ақпарат бар. Маңызды құжат ұйым қызметін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік бермек. Қасым-Жомарт Тоқаев осы сапар аясында Түрікменстан Республикасының Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен де кездседі. Тараптар екі ел арасындағы өзара байланысты дамыту мәселелерін талқыға салады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды