Түркістандық қоғамдық көліктер тағы да жаңарды

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі
2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша аталған тасымалдаушы мекеме "Ютонг" маркалы 8,5 метрлік 21 жаңа автобус сатып алған болатын.

Түркістан қаласы бойынша "Жолаушы" ЖШС тасымалдаушы мекемесі 270 қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалдау қызметін көрсетуде.

2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша аталған тасымалдаушы мекеме "Ютонг" маркалы 8,5 метрлік 21 жаңа автобус сатып алған болатын. Ағымдағы жылдың қазан айында тағы 5 жаңа автобус сатып алынды. Жаңа автобустарда кондиционер, электрондық табло, жарнамалық монитор және камералар қарастырылған.

Қаладағы қоғамдық көліктерді жаңарту арқылы жолаушыларға сапалы қызметтер көрсету, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту мәселелері оңтайлы шешілуде.

Сондықтан, облыс орталығындағы қоғамдық көліктерді жаңарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса береді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды