Ибрагимович "Фиорентинаға" ауысуы мүмкін

Shutterstock
Бұған дейін Ибрагимович өзі де Италия чемпионатында тағы бір ойнап кеткісі келетінін мойындаған болатын.

"Лос-Анджелес Гэлакси" шабуылшысы Златан Ибрагимович енді карьерасын Италияның А сериясында жалғастыруы бек мүмкін, дейді La Nazione ақпаратына сүйнген championat.com.

Дереккөздің хабарлауынша, "Фиорентина" 38 жастағы швед футболшысына қызығушылық танытып отыр.

Бұған дейін Ибрагимович өзі де Италия чемпионатында тағы бір ойнап кеткісі келетінін мойындаған болатын. Айта кетсек, кезінде швециялық шабуылшы Италияның "Ювентус", "Интер" және "Милан" командаларында ойнаған болатын.

Ибрагимович Манчестер Юнайтедтен Лос-Анджелес Галаксиға 2018 жылы ауысқан. 2019 жылғы MLS маусымында Златан 30 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді.

Ал Фиорентина әзірге 7 матчта 11 ұпай жинап, А сериясының 8-ші сатысында тұр. Бұл елде қазір "Ювентус" көш бастап келеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды