Шығыс Қазақстан өңірі әппақ қарға оранды

yk-news.kz
Қазір арнайы техникалар жолдарға құм себе бастады.

Әлеуметтік желі қолданушылары Риддер тауында бөгіп қалған қар суретінің анық-қанықтығын зерттеп, талқылап жатқанда қар тауды қойып қаланың өзіне жауды.18 қазандағы қысқы көрініс видеоға да түсірілген, деп хабарлайды Zakon.kz YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Бейсенбі күні кешке жауған жаңбырдың арты қарға ұласты. Түнде қала толығымен аппақ қарға оранды. Тіпті күндіз де қар ақырын қыпылықтап жауып тұрды. Риддер тауында қар тоқтаусыз жауып жатыр. Әлеуметтік желіде қар тазалаушы көлікті тізгіндегендер табиғаттың тамаша сыйымен бөлісуде. Олар: «Бір апта бұрын Риддерде 20 градус ыстық болды» деп айта алмайсыз дейді.

Алайда кенеттен түскен қыс қуаныш пен қатар бір қиындықтарды да туындатуда. Қала жолдары мұзға айналып, көктайғақ болуда. 18 қазанда таңертең Козлушки және Тишин кеніштерінде жүк көліктері жоғары шыға алмай, тайғанақтап әрең жүрген. Қазір арнайы техникалар жолдарға құм себе бастады.

Сонымен қатар, желі қолданушылардың жазуынша, Глубокое ауданындағы Черемшанкаға да қар жауған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды