Жаңа Зеландияда әскерилерге боянып, кірпік тағуға рұқсат етілді

wikimedia.org
Бұл жаңа ереже 1 қарашадан бастап өз күшіне енеді.

Жаңа Зеландия қорғаныс күштері тәртіптік ережеге әскерилердің, оның ішінде ер адамдардың өзіне күтім жасауын міндеттейтін өзгерістер енгізді, деп хабарлайды РИА Новости.

Daily Mail хабарлағандай, бұл жаңа ереже 1 қарашадан бастап өз күшіне енеді.

Осы күннен бастап әскерилер бетіне жеңіл-желпі макияж жасап, тырнақтарын білінбейтін ашық бояумен бояп, жалған кірпік таға алады. Сонымен қатар, оларға иіссу мен одеколон қолдануға рұқсат беріледі. Дегенмен, құлаққа сырға тағып, денені тесуге, сондай-ақ ерекше шаш үлгілеріне тыйым салынады.

Әскери теңіз күшінің адмиралы Дэвид Проктор мұндай өзгерісті енгізу арқылы әскери басшылық ерлер мен әйелдердің жеке бас гигиенасына келгенде, ешқандай айырмашылық жоқ екенін көрсеткісі келетінін атап өткен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды