Ақмола облысында Тергеу басқармасы бастығының орынбасары ұсталды

zakon.kz
Ол аудармашылардың қызметіне бөлінген 479 мың теңгені жеп қойған сияқты.

Ақмола облыстық ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары бюджеттік қаражатын жымқырды деп айыпталуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық Полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасарына қатысты бюджет қаражатын жымқырды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол қылмыстық істер бойынша аудармашылардың қызметіне ақы төлеуге бөлінген жалпы сомасы 479 мың теңге бюджет қаражатын бірнеше рет жымқырды деген күдікке ілінді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды