Өзбекстанда Қызыл кітапқа енген салмағы 300 келі қоңыр аюды атып кетті

Citizen Journalist
Қоңыр аю Халықаралық қызыл кітапқа енгізілген.

Өзбекстанның Наманган облысындағы Гова ауылында 14 қазанда салмағы 300 келі болатын қоңыр аюды атып тастады, деп хабарлайды centralasian.org.

Наманган облысындағы эко-белсенді Марат Наумовтың айтуынша, қоңыр аюдың Гова ауылында жүргені туралы облыстық басқармаға хабарланған, бірақ мекеме ешқандай шара қолданбаған.

"Аюды күні бойы қорада қамауда ұстады. Басшылық оны ұйықтатып, сосын тауға апарып тастауды, болмаса хайуанаттар бағына тапсыруды ұсынған. Бірақ облыста аюды ұйықтататын дәрі табылмады. Сосын екі аңшы аюды атып тастаған" деді Наманган облысы аңшылар бірлестігі төрағасының көмекшісі Анваржон Достонов.

"Қоңыр аюды Гова ауылының тұрғыны Гүлбахор Миразахмедова көрген. Аю оның ауласында екі аяғымен тік тұрған. Әйел оған тас лақтырған соң, аю қораға қашып кірген. Тұрғындар оның есігін жауып, жарты күн күткен. Сосын екі аңшы келіп, оны атып тастаған" деді эко-белсенді.

Қоңыр аю Халықаралық қызыл кітапқа енгізілген.

"Өзбекстанда 200-250 қоңыр аю бар. Қазір одан да аз. Қоңыр аюды Тянь-Шань аюы деп те атайды. Қоңыр аюды өлтіруге тыйым салынған".

Өзбекстанда үкімет қаулысы бойынша, қоңыр аюға зиян тигізгендерге 840 мың сум (шамаен 90 доллар) айыппұл салынады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды