Бағдат Мәнізоровтың қылмыстық ісі тоқтатылғаны туралы құжат тарап кетті

Azattyq Rýhy
Бұл құжаттың қаншалықты шын құжат екені әзірге белгісіз.

Желіде Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровқа қатысты қылмыстық істің тоқтатылғаны туралы құжат пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фотокөшірме Бас прокуратураның Б.Мәнізоровтың мүддесі үшін қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішін қарағанын көрсетеді. Қылмыстық айыптаулар заңсыз деп көрсетіліп, қылмыс белгісінің жоқтығынан істің тоқтатылғаны айтылады.

Төменде Қылмыстық тергеу қызметі бастығының орынбасары Әбу-Әли Анарбайұлы Саттардың аты-жөні жазылған.

Еске сала кетсек, қыркүйек айының соңында Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі ұстаған болатын.

Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

- Іс 190-баптың 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес келеді - қызметтік жағдайды пайдаланумен жасалған ірі көлемдегі алаяқтық, - деген еді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының бірінші орынбасары Олжас Бектенов.

Бұл құжаттың қаншалықты шындық екенін айту қиын. Zakon.kz редакциясы мұны анықтау үшін Бас прокуратураға сауал жолдады.

Айтпақшы, мәтін ішінде бір жерде Бағдат Мәнізоров Н.Манзоров деп көрсетілген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды