Досаев кедейлерге енді несие неге берілмейтінін түсіндірді

Хабар 24
Табысы тұрмысы төмен отбасыларға қарыз беруді шектеуді көздейтін жаңа өзгерістерді жақында енгіземіз.

Алматыда өткен брифингте Ерболат Досаев тұрмысы төмен отбасыларға несие беруді шектеу туралы шыққан сөзге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды "Хабар 24".

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,25 % деңгейінде қалдырды. Бас банкирдің айтуынша, мұндай шешім қабылдауға жылдық инфляция деңгейі ықпал еткен. Қыркүйекте инфляция 5,3 процент болған. Сондай-ақ ішкі нарықтағы іскерлік белсенділіктің, мұнай бағасының өсуі мен Еуроодақ, Қытай, Ресейдің Орталық банктерінің мөлшерлемені төмендетуі де әсер еткен. Ұлттық банк ұзақмерзімді экономикалық дамуды болжауға кірісіп, құнды қағаздар бойынша табыстылықты арттыру мақсатында инвестициялық саясатты өзгертуді жоспарлап отыр.

Ерболат Досаев көп пайызбен онлайн қарыз беретін қаржы ұйымдарының мәселесін де қарайтынын айтты. Сонымен қатар төраға тұрмысы төмен отбасыларға несие беруді шектеу туралы сұраққа түсініктеме берді.

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

– Олар қазіргі уақытта мемлекет тарапынан жәрдемақы алады. Атаулы әлеуметтік көмекке ие. Бірақ қарыздары да қарқынды өсіп жатыр. Тұрмысы төмен отбасыларға қарыз беруді шектеуді көздейтін жаңа өзгерістерді жақында енгіземіз. Бұл бастама жаңа жылға дейін қолдау тауып жатса осы жұмысты аяқтауға тырысамыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды