Роман Скляр ҚР-дағы АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті елшісі Уильям Мозермен кездесті

primeminister.kz
Елші және дипмиссия өкілдерімен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілері, сондай-ақ екі елдің дипломатиялық қарым-қатынастарын одан әрі нығайтудың перспективалары талқыланды.

ҚР Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр ҚР-дағы АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті елшісі Уильям Мозермен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елші және дипмиссия өкілдерімен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілері, сондай-ақ екі елдің дипломатиялық қарым-қатынастарын одан әрі нығайтудың перспективалары талқыланды.

ҚР Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Уильям Мозермен әңгімелесу барысында бүгінде АҚШ Қазақстанның халықаралық аренадағы ең маңызды серіктестерінің бірі болып табылатынын, ал екі ел арасындағы қарым-қатынас көптеген жылдар бойы достық пен өзара түсіністік рухында қалыптасып келе жатқанын атап өтті.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті салаларындағы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаларға арналған екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқылады.

Тараптар қарым-қатынастарды дамытудың оң бағытын одан әрі сақтауға және оларды экономикалық, саяси, сондай-ақ әлеуметтік салаларда одан әрі нығайту бойынша барлық күш-жігерін салуға келісті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды