Украинада депутаттар ұйықтамайды, керісінше заң жобасы өтпесе жылайды екен

видеодан алынды
Скороход Энергетика және тұрғын-үй коммунальдық қызметі комитетіндже жұмыс істейді.

Украинада Халық қызметшісі фракциясының депутаты Анна Скороход Жоғарғы Рада отырысында оның Газтранспорт жүйесі туралы заңға ұсынған түзетулерін қарастырудан бас тартқаны үшін жыларман болып, үстелді тоқпақтады, деп хабарлайды Korrespondent.net.

- Білесіздер бе, бұл арада адамды жынды қылып, мазақ ету болып жатқан сияқты. Мен өз түзетулерім бойынша сөйлеп шығайын дегем. Өз түзетулеріме көз жүгітіп, соны айтайын дегенмін. Ал біреу маған келіп, оларды ұсынуды доғар деп тұр. Кеше комитетте біз қандай-да бір мәмілеге келдік емес пе? Бүгін, міне енді мәтінді алып, қайта оқып шықсам, бұл келісілген нәрселер сақталмаған, - деді Скороход жыларман болып.

Оқи отырыңыз: Масқара. "Ұятсыз" депутаттардың заң бұзып келгені әшкере болды

Оны жанындағы бір әріптесі сабырға шақыруға тырысып: "Тыныш, Сізге әлі баланы дүниеге әкелу керек. Тынышталыңыз, бұл түкке тұрғысыз нәрсе" деп жатты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды