Қазақ-Орыс Халықаралық университеті лицензиядан айырылуы мүмкін

krmu.kz
Бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, аталған оқу орнын лицензиядан айыру үшін материалдар сотқа жіберілетін болады.

Ағымдағы жылғы 5 қараша күні "Қазақ-Орыс Халықаралық университеті" Халықаралық жоғары оқу орнына қатысты әкімшілік іс қаралды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама мен әкімшілік іс материалдарын қарау мерзімі университеттің өтініші бойынша екі мәрте ұзартылғандығын айта кеткен жөн, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылғы 29 қазан күні Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрайымының ұйғарымымен университеттің заңды өкілі істің қаралатын орны мен уақыты туралы тиісті түрде хабардар етілді. Университеттің заңды өкілі келген жоқ, осыған байланысты істі заңды тұлғаның қатысуынсыз қарау туралы шешім қабылданды.

Тексеріс қорытындысы бойынша осы қаулы күшіне енген сәттен бастап аталған оқу орнына қатысты 1 ай мерзімге жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша лицензиясын тоқтата отырып, әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарылды.

Заңды тұлғаға аталған ескертулерді жоюға 1 ай берілетіндігін айта кеткен жөн. Бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, аталған оқу орнын лицензиядан айыру үшін материалдар сотқа жіберілетін болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды