1 келі ет 1500 теңге болса, онда базардағы баға неге 2200 теңге?

s.zagranitsa.com
Ол арада делдалдар да табыс тауып, бағаны өсіріп жатқанын айтты.

Осы айда бір мезетте сиыр еті - 2,2%, шошқа еті - 1,3%, қой еті 1,2% қымбаттады. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ет бағасының былай күрт өсіміне экспорттық қарқын және делдалдар әсер еткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Әрине, экспорттың ішкі бағаларға әсері бар, өйткені, мысалы, біз қазір жақсы ет экспортын жолға қойдық. Жасыратын ештеңесі жоқ, Өзбекстан біздің етімізді жаппай алып келіп жатыр. Осыған байланысты елде ет бағасы қымбаттап кетті. Екінші жағынан, егер біз қазір ауылшаруашылық өнімдерін, мысалы ет пен астықты экспорттауға шектеу қойсақ, онда біз сыртқы өткізу нарықтарынан айырылып қалуымыз мүмкін, - деді министр.

Ол арада делдалдар да табыс тауып, бағаны өсіріп жатқанын айтты.

- Сонымен қатар, ішктегі логистика, салық салымы, делдалдар мәселесін де шешу қажет. Мысалы, 1 келі етті өндірушілер 1,5 мың теңгеден сатады. Ал базардағы баға - 2,2 мың теңге. Міне осы аралықта делдалдар ақша табуда, - деп түсіндірді Омаров.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды