Алматыда біртүрлі көліктің иесі іздестіріліп жатыр

newtimes.kz
Полиция бұл арада көлік құралын пайдалану ережесі бұзылғанын айтады.

Алматыда артқы бамперінде от жанып, төбесіндегі мұржадан түтін будақтап жүрген біртүрлі көліктің иесін полиция іздестіріп жатыр. Полиция бұл арада көлік құралын пайдалану ережесі бұзылғанын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz inAlmaty.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде біртүрлі көліктің видеосы жарияланды. Артқы бамперде от жағатын пеші, ал төбесінде түтін шығаратын мұржасы мен желдеткіші бар. Ол не үшін олай жасалғаны, белгісіз. Кейбір желі қолданушылары бұл машинада барбекю пісіру үшін жасалған болуы мүмкін деп топшыласа, тағы бірі бұл көлік, мүмкін бензин емес, көмірмен жүретін шығар деп болжайды. Біреу "Есерсоқ Макс" фильміндегі автомобильге ұқсатып жасаған болуы мүмкін деп өз ойын айтты.

Алматы полициясы ерекше көліктің жүргізушісін іздестіріп жатқандарын айтты.

- Жүргізуші көлік құралын пайдалану ережелерін анық бұзған. Болашақта оның іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады, деп хабарлады Алматы қаласындағы ПД баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды