Алматы облысында мал және ет тасымалына бақылау күшейді

inbusiness.kz
Арнайы іс-шара 11 қарашада басталып, 3 күн өтеді.

"Мал ұрлығы" жедел алдын алу іс-шарасы барысында Алматы облысының тәртіп сақшылары мал және ет өнімдерін тасымалдауға, оларды саудалауға қажетті құжаттарды қатаң тексеруге алуда, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арнайы іс-шара 11 қарашада басталып, 3 күн өтеді.

Іс-шараның басты мақсаты мал ұрлығының алдын алу, бұған дейін орын алған ұрлықтарды ашу. Осы мақсатта облыстық және республикалық жолдар бойында арнайы блок-посттар қойылып, көліктердің мал тасымалдауға қажетті құжаттарын тексеруде.

"Бір күн ішінде мал және ет өнімдерін тасымалдаушы 80 жуық көлік тексеріліп, 17 жүргізушінің тиісті құжаттары жоқ екені анықталды. Сонымен қатар, 25 мал сату орны мен 30 астам ет өнімдерінің дүкені тексерілді", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Арнайы шара барысында бұған дейін болған 16 қылмыс ашылған. Оның 4 дерегі бұрынғы жылдар санатына жатады. Мал ұрлығына қатысы бар деген күдікке ілінген 3 қылмыстық топтың мүшелері құрықталған.

"Алматы облысының тәртіп сақшылары 10 ай ішінде қажетті құжаттар жоқ болса да мал тасымалдаудың 656 дерегін анықтаған. Жүргізушілерге 8 миллион 92 мың теңгенің айыппұлы салынды. Биыл рейд кезінде Еңбекшіқазақ ауданында мал ұрлығын кәсіп қылған қылмыстық топ ұсталып, барымташылар тобынан 40 жылқы тәркіленген", - деп толықтырды облыстық полицейлер.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды