Президент фермерлер туралы: Жер жоқ, жеткен жеріміз осы болды...

stolica-s.su
Менің тапсырмам бойынша жұмыс өте баяу жүріп жатыр - Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев шын жұмыс істегісі келетін диқандар мен шаруаларға жер жоқ деп санайды. Бұл туралы ол Ақмола облысын дамыту жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Жолдауда жер өңдеумен айналыспайтын латифундистердің иелігіндегі жерді мемлекет меншігіне қайтаруды тапсырғанмын. Мен мұны қызыл сөз үшін айтқаным жоқ, бұл өте маңызды тапсырма. Ақыры не болды, жерден шын өнім алғысы келетін еңбекқор диқандарға, шаруаларға жер жоқ, мал жаятын жер жоқ, сондай күнге жеттік, - деп атап өтті Президент твиттеріндегі жазбасында.

Ол жұмыстың баяу жүріп жатқанына наразы.

- Менің тапсырмам бойынша жұмыс өте баяу жүріп жатыр. Мүдделі тараптардың қысымына бой алдырып, бұл істі кейінге қалдыруды ұйғарған секілді ме деймін, - деді Тоқаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды