Түркістан: "Жемқорлықсыз салауатты қоғам" ұранымен бұқаралық марафон өтті

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, генерал - майор Хаким Қошқалиев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов және Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев бастаған жарысқа 300-ге жуық мемлекеттік қызметкер қатысты.

Түркістанда облысы әкімдігі мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында бұқаралық жүгіру марафоны өтті. Бұл туралы Zakon.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, генерал - майор Хаким Қошқалиев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов және Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев бастаған жарысқа 300-ге жуық мемлекеттік қызметкер қатысты.

Марафон Б.Саттарханов даңғылының бойындағы Тікұшақ алаңынан басталып Түркістан қақпасына кіріс қақпасы арқылы "Рәміздер алаңына" дейін жалғасты. Қатысушылар 2400 метр қашықтықты бағындырды.

Марафон мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауы мен "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру арқылы халықты салауатты өмір салтына баулу, Мемлекеттік қызметшілердің отансүйгіштік, патриоттық сезімін ояту.

Мәреге бірінші боп жеткен "Оңтүстікфильм" киностудиясының таспагері Бекзат Мұратұлы "Марафонның үздік спортшысы" атанды. Жарыс қорытындысымен жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен, бағалы сыйлықтар табысталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды