Қорғаныс Министрлігінде ҚР әскери атташелерінің жұмысын талқылады

Пресс-служба МО РК
Кеңес барысында 2019 жылғы атқарылған қызметтер қорытындыланып, келер жылға міндеттер қойылды.

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Қорғаныс министрлігінің шетел мемлекеттерінде аккредиттелген әскери атташелерімен кеңес өтті, бұл туралы Zakon.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кеңес барысында 2019 жылғы атқарылған қызметтер қорытындыланып, келер жылға міндеттер қойылды.

Осы орайда әскери атташелерге Қарулы Күштердің дамуына, сонымен қатар қару-жарақ пен әскери техникалардың жетілуіне және жаңаруына қолдау көрсету қажеттілігі жөніндегі талап жеткізілді.

Қорғаныс ведомствасының басшысы шетелдегі Қорғаныс министрлігі әскери атташелері аппараттарының қызметіне қатысты тапсырма берді.

Бүгінгі таңда Қазақстанның әскери атташелері 25 елде ҚР ҚК мүддесін көздеуде. Атап айтқанда, Орта Азия, Таяу Шығыс, АҚШ, Еуропа мен Азия елдерінде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды