Есірткі жарнамасы: тапсырысты Самарқанд тұрғыны берген

centralasian.org
Ташкенттен бөлек, дәл осындай баннер Самарқандта да ілінген.

Ташкент ішкі істер басқармасының (ІІБ) сайтында есірткінің құпия жарнамасы бар баннерге Самарқанд тұрғыны тапсырыс берген деген ақпарат жарияланды, деп хабарлайды centralasian.org.

ІІБ хабарлағандай, ер адам тапсырысты ресейлік блогерден интернет арқылы қабылдаған. Ақшаны оған карта арқылы аударған. Ол блогерден дайын баннерді алғанын айтады.

Ташкенттен бөлек, дәл осындай баннер Самарқандта да ілінген.

Тексеру нәтижесінде баннерді қала ортасына ілу жөнінде тапсырысты 48 жастағы Яшнабад ауданы тұрғыны алған. Ал тапсырыс беруші Самарқанд облысының 29 жастағы тұрғыны болып шыққан. Ол сыртқы жарнамамен айналысатын фирма жетекшісі екен.

Жергілікті БАҚ хабарлағандай, ташкенттік журналист Мухаммадшариф Маматкулов жарнамаға мән беріп, құқық қорғау органдарына хабарлаған. Журналист QR-код арқылы тексеріп көргенде, расында код .ru доменіне барып, онда тауар ретінде есірткі заттары шыққан.

Осыдан кейін журналист Мухаммадшариф Маматкулов Facebook парақшасына пост жазып, ІІБ-ға мән беруін сұраған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды