Қызылордада 300 мың пара алған мектеп директоры бармағын тістеді

zakon.kz
Директор біреуді жұмысқа орналастыру үшін 300 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған.

Қызылорда қаласындағы С.Сейфуллин атындағы №4 орта мектептің директоры пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды zakon.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін азаматты жұмысқа орналастыру үшін 300 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған С.Сейфуллин атындағы №4 орта мектептің директоры А.Ж. Алтынбековаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған болатын.

Ағымдағы жылдың 26 қарашасында №2 Қызылорда қалалық сотының үкімімен шенеунік осы сыбайлас жемқорлық қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айыру арқылы 9 миллион теңге айыппұл салынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды