Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты ұсталды

24.kz
Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен "Стар Тайм" ЖШС-нің коммерциялық директоры - Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты – депутаттық өкілеттік пен этика, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс жөніндегі комиссия мүшесі ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол Ақтөбе облысында орналасқан кепілдік элеваторды төлеп алу кезінде ҚР АШМ "ҚазАгро" Холдингінің "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарушы директоры – Басқарма мүшесіне ауылшаруашылық өндірушісіне тиесілі 20 миллион теңгені ұрлағаныүшін жәрдем берді деп күдікке ілінді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде. Кінәнің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Бұрын хабарланғандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ҚР АШМ "ҚазАгро" Холдингінің "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарушы директоры – Басқарма мүшесіне қатысты тергеу жүргізген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды