Елордада мешітке садақа қабылдайтын терминал орнатылды

Facebook/Дәурен Абаев
Аталған бастама Алматы, Шымкент қалаларының мешіттерінде, кейіннен барлық облыс орталықтарында жалғасады.

Елордада "Әлжан ана" мешітінде азаматтардың қайырымдылығын қабылдауға арналған электрондық терминал пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы осы игі шараның тұсау кесу рәсіміне қатысқан ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Өздеріңізге мәлім, қазан айында өткен ІІІ республикалық имамдар форумында ҚМДБ қаржы қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде мәселе көтерген болатынмын. Бұл бағытта Министрлік тарапынан Діни басқармамен бірлесіп нақты жұмыстар жасалып, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласының барлық 12 мешітінде осындай терминалдар орнатылды.

Азаматтарды алдағы уақытта қайырымдылық қаражатын мешіттердегі арнайы терминалдар арқылы енгізуге шақырамын. Аталған бастама Алматы, Шымкент қалаларының мешіттерінде, кейіннен барлық облыс орталықтарында жалғасады.

Бұл жаңалықты қосымша қиындық деп емес, ашықтыққа, дамуға жасалған маңызды қадам деп түсінген жөн. Имамдарымыз келушілерге терминалдар туралы түсіндіріп, мешіт әкімшілігі терминалды пайдалану бойынша көмек көрсететін болады" делінеді жазбада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды