"Дұрыс қазақ" жұмысқа алғаны үшін 100 мың сұраған мектеп директорын "сатып жіберді"

zakon.kz
Түркістан облысында 1424 Call-орталығына түскен хабарлама бойынша мектеп директорына қатысты тергеу басталды.

Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 1424 Call-орталығына түскен хабарламаны тексерудің нәтижелері бойынша Жетісай ауданы орта мектебінің директорына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша тергеу бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол оқытушы ретінде жұмысқа орналастыру үшін азаматтан 100 мың теңге сомасында пара алғаны үшін күдікке ілінді.

"Күдіктінің өз кінәсін мойындауына, оның және қорғаушысының сотқа дейінгі тергеуді жеделдетілген тәртіпте аяқтау туралы өтінішіне байланысты оған қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ", делінеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарламасында.

Күдікті кінәсінің деңгейі туралы соңғы шешімді сот шығарады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды