Батыс Қазақстанда Бөрлі ауданы әкімдігінің қызметкері сотталды

zakon.kz
Ағеділов мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына және 3 жылға бас бостандығынан айырды.

"БҚО Бөрлі ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы бюджет қаражатын ұрлады деп айыпталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін "БҚО Бөрлі ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Д. М. Ағеділовке қатысты Бөрлі ауданының Ақсай қаласында жалдамалы тұрғын үйге және мемлекеттік мекеме үшін тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алуға бөлінген жалпы көлемі 2 млн 779 мың теңгені құрайтын бюджеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен тергеу амалдарын жүргізген.

Ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында Бөрлі аудандық соты Д.М. Ағеділовті кінәлі деп танып, мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойына құқығынан және 3 жылға бас бостандығынан айырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды