Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен келді

Facebook/Берік Уәли
5 желтоқсанда Қазақстан Президенті Канцлер Ангела Меркельмен келіссөздер өткізеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен келді, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Faceboоk-тегі парақшасында жазды.

"Бүгін Қазақстан Президенті Канцлер Ангела Меркельмен келіссөздер өткізеді. Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылайды. Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және ГФР-дің белгілі саясаткерлерімен кездеседі. Мемлекет басшысы 6 желтоқсан күні Берлин Еуразиялық Клубының 28-отырысына қатысып, сөз сөйлейді. Сондай-ақ бірқатар неміс компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді", - деп жазды ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды