WADA Ресейді жарыстардан шеттетті

media.nu
Ресейдің халықаралық жарыстар өткізуіне төрт жылға тыйым салынды.

Дүниежүзілік антидопингтік агенттік (WADA) атқару комитеті Ресей мәселесіне қатысты кеңестерді бірауыздан қабылдады.

Бұл ақпаратты РИА Новости басылымына Ресей антидопингтік агенттігі (РУСАДА) басшысы Юрий Ганус растады.

25 қарашада CRC WADA Ресейдің халықаралық жарыстар өткізуіне төрт жылға тыйым салды. Сонымен бірге, аса ірі халықаралық жарыстарға тек "таза" ресейлік спортшылар ғана нейтралды мәртебемен қатысатын болып, Ресей құрамасын ірі турнирлерде өз туымен өнер көрсету мүмкіндігінен айырды.

Сондай-ақ, Ресей олимпиадалық комитетінің жоғарғы басшылығының, оның ішінде ұйымның атқару комитетінің барлық мүшелерінің төрт жыл бойы ірі турнирлерге баруы мен қатысуын шектеу ұсынылды.

Дүйсенбіде Лозаннада WADA атқару комитетінің отырысы өтті.

РУСАДА антидопингтік кодекске сай емес деп танылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды