13 жыл бойы пара алғандарға күтпеген жерден жеңіл жаза кесілді

видеодан кадр
Басында айып тағылғандардың саны шенеуніктермен қосқанда 40 адам болса, сот үкімі 16 адамға ғана шықты

Павлодардағы атышулы сот процесінде күдіктілерге күтпеген жерде жеңіл жаза кесілді. Зейнетақы төлеу орталығы, облыстық еңбек департаменті және жалған зейнеткерлер мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін айыпталған-ды. Жең ұшынан жалғасқан сыбайлас топ мүшелері 13 жыл бойына әрекет етіп келіпті, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Олар пара алып, зейнет жасына әлі толмаған тұрғындарды «құрметті демалысқа» жіберіп отырған. Алған пара мөлшері мәселенің шешілуіне қарай құбылып отырады. Тіпті, бір миллион теңгеге дейін жетеді. Осылайша жалған зейнеткерлердің құжаттарын екі санат бойынша: Семей ядролық полигонының аумағында тұрғандар және көпбалалы ана деп рәсімдеген. Масқара болғанда аталған көп балалы аналардың кейбірінің мүлде перзенті болмай шықты. Ал мемлекетке келтірілген шығын 117 миллион теңге. Басында айып тағылғандардың саны шенеуніктермен қосқанда 40 адам болса, сот үкімі 16 адамға ғана шықты. Сот мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының экс-қызметкерлері мен жалған зейнеткерлерді 2 жылдан 4 жылға дейін шартты түрде бас бостандығынан айырса, қалғандары жазадан мүлдем босатылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды