Елбасы Нұр-Сұлтанның алғашқы құрылысына атсалысушылармен кездесті

elbasy.kz
Елбасы елорданы Алматыдан Ақмола қаласына көшірген кездер жайлы естеліктерімен бөлісті.

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті үзеңгілестерімен бірге елорданың құрылуы және даму тарихына арналған көрмені аралады, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

Онда Елбасы кітапханасының музейі, мұрағаты және кітапханасы қорынан мыңға жуық экспозиция қойылған.

Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті астананың алғашқы құрылысына атсалысушыларға арнайы "Назарбаев орталығының" экспозициялық алаңында экскурсия өткізді.

Сондай-ақ, Елбасы елорданы Алматыдан Ақмола қаласына көшірген кездер жайлы естеліктерімен бөлісті.

– Жақын серіктестерім мен адал үзеңгілестерімді көргеніме өте қуаныштымын. Сіздер әсем қаламызды салу барысында әрқашан маған сенімді қолдау көрсеттіңіздер, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды