Жаңа Lada Granta 2021 жылы шығады

Сурет: zakon.kz
Қазір АВТОВАЗ мамандары жаңа буынның дизайнын әзірлеуде.

Lada Granta 2011 жылдан бері конвейерден шығып келеді және осы уақытқа дейін бір-ақ рет, яғни 2018 жылы ғана күрделі модернизациядан өтті, деп жазады kolesa.kz.

Ол кезде "Гранта" мен "Калина" біріктірілген болатын. Енді АВТОВАЗ-дың аталған үлгінің екінші буынын әзірлеп жатқаны белгілі болды.

"Лада.Онлайн" порталы таратқан ақпаратқа сүйенсек, қазіргі сәтте АВТОВАЗ мамандары, Румыния және Франция дизайнерлері көліктің дизайнын әзірлеуде.

Машинаның техникалық жағы туралы мәлімет көп емес. Үлгінің B0 платформасына ауысқаны және көлемінің өзгергені айтылды.

Lada Granta-ның жаңа буыны 2021 жылы жарыққа шығады деп күтілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды