Алматыда жекеменшік жер телімдері жол салу үшін мәжбүрлеп алынатын болды

bazis.kz
Нысанды мәжбүрлі түрде жекеменшіктен шығару күні - 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін деп бекітілді.

Алматы әкімдігі 2019 жылғы 28 қарашада "Мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алуға байланысты жер телімдерін немесе басқа да жылжымайтын мүлікті мәжбүрлі түрде жеке иеліктен шығаруды бастау туралы" қаулы қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

- Қаланың Бас жоспарын (...) орындау мақсатында және қалалық Жер комиссиясының 2019 жылдың 4 сәуіріндегі қорытындысына сәйкес, Алматы қаласы әкімдігі Жетісу ауданындағы Сейфуллин даңғылы бойында, Жансүгіров көшесінің қиылысында орналасқан жер телімдері мен жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлі түрде жекеменшік иелігінен шығаруды бастау туралы шешім қабылдады. Мемлекет меншігіне алынған бұл жер телімдері автомобиль жолын салуға пайдаланылмақ - делінген құжатта.

Нысанды мәжбүрлі түрде жекеменшіктен шығару күні - 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін деп бекітілді.

Бұл тізімге 12 жер телімі енді, оларды мына жерден көре аласыздар.

Жер телімі иелері мына мекен-жайға хабарласа алады: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 90 үй, 801 кеңсе.

Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.Әзірбаевқа жүктелді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды