2020 жылдан бастап ломбард қызметі өзгереді

market.sakh.com
Ұрланған заттардың көбі (зергерлік бұйымдар, тұрмыстық техникалар) ломбардтарға өткізіледі.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ломбардтар несие бюросына барлық кепілдік мүлік туралы мәлімет беруге міндеттеледі, деп хабарлайды zakon.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Ішкі істер министрлігі Ұлттық банкпен бірлесіп, ломбардтардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеп, бекітті. Онда ломбардта заттарды сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды анықтау тәртіптері көрсетілген. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ломбардтық ұйымдар микронесиелеу ұйымдарына санатына жатқызылады. Осы қағидаларға сай, ломбардтар несие бюросына барлық кепілдік мүлік туралы мәлімет беруге міндеттеледі. Ал полиция бөлімшелеріне жымқырылған мүлік пен қойылған кепіл нысанын тексеру үшін осы бюро қолжетімді болады", - деді ІІМ Қылмыстық полиция департаментінің басқарма бастығы Нұржан Рахметуллаев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

ІІМ өкілінің айтуынша, ұрланған заттардың көбі (зергерлік бұйымдар, тұрмыстық техникалар) ломбардтарға өткізіледі. Міне, сол себепті, Ішкі істер министрлігі ұрлық жағдайларын ауыздықтау үшін ломбардтарға өткізілген заттарды тексермек.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды