Қытайға тықыр таянды: Месут Озилді өте ықпалды адамдар қолдады

Getty Images
Шыңжаң өлкесінде түрлі деректер бойынша 11 млн-нан 20 млн-ға дейін ұйғыр тұрады.

АҚШ Бас хатшысы Майк Помпео Қытайды ұйғыр халқына қысым көрсетуде деп айыптаған "Арсеналдың" жартылай қорғаушысы Месут Озилді қолдай жөнелді.

"Қытай компартиясының билікті насихаттаумен айналысатын телеарналары Озилді қара тізіміне енгізіп, "Арсеналдың" матчтарын көрсеткісі келмесе – өздері білсін, бірақ шындықтан қаша алмайсың. Компартия ұйғырлар мен өзге дін өкілдеріне қарсы жасаған қылмыстарын – адам құқығын өрескел бұзу фактілерін әлемнен жасыра алмайды", – деп жазды Помпео өзінің twitter-інде.

Озил ұйғырларға қолдау білдіріп пост жазғаннан кейін Қытай "Арсенал" – "Манчестер Сити" матчын көрсетпей қойған. Озил мен оның фан-клубының аккаунтары Қытайдағы Baidu іздеу жүйесінен алынып тасталды.

Ұйғырлар – Шығыс Түркістанды ежелден мекендейтін байырғы халық. Қытайдың қиыр батысындағы Шыңжаң өлкесінде түрлі деректер бойынша 11 млн-нан 20 млн-ға дейін ұйғыр тұрады, деген дерек келтіреді eurosport.ru.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды