Түркістанда азық-түлік бағасына мониторинг жүргізілді

Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі
Шараның мақсаты - халық жиі тұтынатын тауарлардың құнын өсірмей, азық-түлік бағасын тұрақтандыру.

Облыс әкімдігінің бастамасымен сала мамандары 2019 жылдың 13 желтоқсанда Түркістан қаласындағы "Шапағат", "Дастархан", "Дастан", "Береке", "Бәйтерек", "Жібек жолы" сауда үйлерінде және "Қуаныш", "Алтын бұлақ" базарларында болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың желтоқсанның 14-і күні Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Т.Мусаев және облыс әкімдігінің қызметшілері алда келе жатқан мерекелер қарсаңында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірмеу жөнінде кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мамандар жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде сауда орындарындағы нарықтың қалыпты екеніне көз жеткізді және базардағы тауарлардың бағасы үнемі қадағалауда болатынын айтты.

Шараның мақсаты - халық жиі тұтынатын тауарлардың құнын өсірмей, азық-түлік бағасын тұрақтандыру.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды