Тимур Тоқтабаев вице-министр қызметінен босатылды

primeminister.kz
Ол 2011 жылдан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылымында жұмыс істеген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Тимур Серікұлы Тоқтабаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тимур Тоқтабаев 1981 жылы дүниеге келген, ол 2011 жылдан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылымында жұмыс істеген.

Жер қойнауын пайдалану департаменті директорының орынбасары, директоры (2011-2016 жж.), этика жөніндегі уәкілетті өкіл (2016 ж.), вице-министр (2016-2019 жж.) қызметтерін атқарған. Оған дейін "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" АҚ-да, ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде, "Қазгеоинформ" геологиялық мәліметтер орталығында және т.б. қызмет еткен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды