Ақтөбе облысының полициясы жазықсыз ұсталған кісіден кешірім сұрады

Ақтөбе облысының ПД
Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов азамат Ш.Нұрланмен жеке кездесіп, жағдайды түсіндіріп, келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

12-17 желтоқсан аралығында Ақтөбе облысы Полиция департаментінің жеке құрамы аса ауыр қылмысты ашуға жұмылдырылған, оның барысында қылмыс жасау ауданы пысықталып, сондай-ақ күдікті адаммен сыртқы белгілері (киім, бет пішіні) бойынша ұқсас адамдар тексеру мақсатында полиция бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды zakon.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Куәгер ретінде тергеуге алынған қала тұрғыны, азамат Ш.Нұрланның куә ретінде жауап алынды, қылмысқа қатысы жоқтығы тексеріліп, дәлелденген соң, босатылды. Оның полиция бөліміне жеткізілуі себебі, сыртқы киім ұқсастығы себеп болды.

Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов азамат Ш.Нұрланмен жеке кездесіп, жағдайды түсіндіріп, келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Сондай-ақ ол азаматтың суреттерін әлеуметтік желілерде таратқан адамдар анықталып, жауапкершілікке тартылады деп сендірді.

"Мен полиция қызметкерлерінің ауыр қылмысты ашумен айналысқанын түсінемін, алайда менің фотосуреттерім әлеуметтік желілерде таралып жатқандығына қатты қынжылдым. Полиция департаментінің бастығы кінәлілерді тауып, жазалайтынына уәде берді", - деді Ш.Нұрлан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды